Қазақстандық параволейболшылар Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM - Волейболды отырып ойнаудан Қазақстан ұлттық құрамасы Азия пара ойындарының жартылай финалына шықты.

с
Фото: instagram.com/volleyfederationkz

Топтық бәсекеде Бауыржан Тахауовтың шәкірттері алдымен Таиланд құрамасын 3:0 (25:16, 25:22, 25:18) есебімен тізе бүктірді.

Қазақстандық параволейболшылар бүгін әлемде үздік құрама саналатын Иранға 0:3 (19:25, 13:25, 12:25) есебімен есе жіберді.

Иран командасы - 2024 жылғы Паралимпиада ойындары және 2022 жылғы Азия пара ойындарының чемпионы.

Ираннан жеңіліп қалғанына қарамастан, Қазақстан құрамасы өз тобынан екінші орынмен жартылай финалға өтті.

Қазақстандықтар 22 қазан күні Ирак командасымен финал жолдамасын сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық параволейболшылардың алғаш рет Азия чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.