Қазақстандық пианист Лондондағы беделді байқауда бірінші орынды иеленді

АСТАНА. KAZINFORM -  Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының солисі (пианист) Жанар Сүлейманова Ұлыбританияның Лондон қаласында өткен «World talent award» халықаралық байқауында бірінші орынды иеленді.

Жанар Сүлейменова
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Шеберлік пен кәсібиліктің жоғары деңгейін көрсеткен ол 71 мемлекеттен қатысқан өнерпаздардың арасынан үздік шықты, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Жанар Сүлейманова — АҚШ, Италия және Франциядағы халықаралық байқаулардың лауреаты. Концерттік қызметі жылдарында жүздеген концерттер берді. Олардың ішінде әр түрлі бағдарламалары мен репертуарларымен 130-дан астам клавирабендтер бар. Пианист халықаралық аренада, атап айтқанда, Ресейде, Италияда, Германияда, АҚШ-та және басқа да көптеген елдерде гастрольдік сапарларға шығып, Қазақстанды әлемге таныстырып жүр.

«GOLDEN TIME TALENT» – шығармашылық топтар мен жеке орындаушыларға арналған халықаралық байқаулар мен фестивальдерді ұйымдастыруда әлемдік көшбасшы жоба. Әлемнің түкпір-түкпірінен суретшілер, музыканттар, вокалистер, бишілер сынды өнерпаздарды жинап, бақ сынасатын өнер сайысы биыл төртінші рет өткізіліп отыр.

Соңғы жаңалықтар