Қазақстандық садақшылар Түркиядағы әлем кубогының финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Садақ атудан Қазақстан командасының мүшелері Андрей Тютюн мен Адель Жексенбинова Антальядағы (Түркия) әлем кубогының финалына шықты. Бұл туралы Olympic.kz жазды. 

садақ
Фото: ҰОК

Садақшылар блоктық садақ атудан аралас командалық сында алтынға таласады.

Турнир барысында қазақстандықтар Бразилия, Словения мен Италияны ұтты.

Алтын үшін таласта Ұлыбританиямен кездеседі. Матч 22 маусымға жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар