Қазақстандық семсерлесушілер Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасы Бахрейн астанасы Манамада өтіп жатқан семсерлесуден жастар арасындағы Азия чемпионатында бір алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Кирилл Проходов чемпион атанса, Қайша Жәнібек күміс, Диляра Исабекова қола жүлдеге ие болды. Бұл туралы ҰОК мәлім етті.
Шпагадан ерлер арасындағы жекелей сайыста Кирилл Проходов алтын медаль жеңіп алды.
Финалда қазақстандық спортшы Гонконг өкілі Вонг Пак Юмен кездесіп, 15:12 есебімен жеңіске жетті.
Қайша Жәнібек күміс жүлдеге қол жеткізді. Ол сабля бәсекесінің финалында Гонконг спортшысы Джейн Саммер Ситке 8:15 есебімен есе жіберді. Ал Диляра Исабекова жарысты үшінші орынмен аяқтады.
Айта кетейік, ҚР ҰОК мәліметінше, отандастарымыз барлық қару түрлері бойынша жүлдеге таласаып жатыр.
Шпага: Кирилл Проходов, Богдан Лукин, Георгий Тинников, Михаил Кузьмин, Каролина Фомина, Наталья Зинякова, Мария Лесовская, Полина Лесовская
Сабля: Қуаныш Ерғашбай, Қайназар Нұрқатұлы, Бексұлтан Абжал, Ерхан Қараман, Қайша Жәнібек, Полина Ко, Диляра Исабекова, Адема Серікбай
Рапира: Ғалым Нұрымов, Тимофей Семенов, Мансұр Естеу, Евгений Токанов, София Актаева, Алена Гноева, Алина Искандерова, Ксения Андреева
Азия чемпионаты 2 қарашада аяқталады.