Қазақстандық Сеулдегі жағдай туралы: бәрі тұрақты

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық Дмитрий Ли Оңтүстік Кореяда 6 жыл тұрып жатыр. Сеулдегі жерлесіміз ел астанасындағы жағдайдың тұрақталғанын жеткізді.

Дмитрий Ли
Фото: facebook.com/Dalex1221

— Қазір жағдай тұрақты. Әскерилер жоқ, әзірге бәрі қалыпты, бәрі бітті. Әскерилер сол күні кетіп қалды, олар ел президенті әскери жағдай жариялаған кезде ғана болды. Сол күні, кешкі сағат 22:00–де бірқатар корейлік танымал адамдар әлеуметтік желіде маңызды кездесулерден бас тартуға мәжбүр болғанын айтып шағымданды. Сонымен қатар, Қазақстан мен Оңтүстік Корея мемлекеті Қорғаныс министрлерінің кездесуі тоқтатылды. Дегенмен, келесі күні таңертең балалар мектепке, ересектер жұмысқа барды. Барлығы бір түнде болып, сол түні аяқталды. Барлығы Үкімет деңгейінде шешілді, — деді Дмитрий Ли.

Сондай-ақ, жерлесіміз корей халқының бейбіт жиналысы әлі де жалғасып жатқанын айтып отыр.

— Бейбіт жиындар жыл бойы жалғасып келеді. Бұқаралық ақпарат құралдары аса назар аударған жоқ, өйткені, корей халқы бейбіт жиынға жиі шығады. Қарсылық әр аптада сенбі сайын өтеді. Соңғы дерек 100 мыңға жетті, көптеген адам президентке қарсы болды. Өйткені, ол Кореядағы ең танымал емес президенттердің бірі, — дейді ол.

Айта кетсек, 3 желтоқсанда Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль елде әскери жағдай енгізілетінін хабарлағаннан кейін саяси аухал шиеленіскен болатын. 

Осыған орай Кореядағы Қазақстан елшілігі қазақстандықтарға үндеу жасады. 

Артынша Корея парламенті елде әскери жағдай режимін алып тастауды талап етті.  Содан соң Оңтүстік Корея президенті елдегі әскери жағдайды алып тастайтыны белгілі болды. 

Kazinform тілшісі Оңтүстік Корея президентінің нар тәуекелге бару себебіне шолу жасаған еді. 

Айта кетсек, бүгін Қазақстан мен Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлерінің келіссөзі өтпейтіні айтылды.

Сондай-ақ Оңтүстік Корея президентіне импичмент жариялау процесі басталды. 

Соңғы жаңалықтар