Самарқанд Олимпиадасы: әйелдер жеңді, ерлер Франциядан жеңілді

АСТАНА. KAZINFORM — Шахматтан Самарқанд қаласында 46-шы Олимпиаданың үшінші тур ойындары өтті. 

Қазақстандық шахматшы қыздар Словениядан басым түсті
Фото: Спортты дамыту дерекциясы

Әйелдер арасында Қазақстан құрамасы рейтингте 25-орындағы Словениямен күш сынасты. Бибісара Асаубаева екінші ойын қатарынан қарсыласымен ұпай бөлісуге мәжбүр болса, қалған үш отандасымыз қарсыластарынан айласын асырып кетті.

Әйелдер. 189 команда
Қазақстан/Словения - 3,5:05

Бибісара Асаубаева - Лаура Унук
Алуа Нұрман - Зала Урх
Елназ Қалиахмет - Надиа Шпанко
Зарина Нұрғалиева - Анжа Бебер

Ерлер арасындағы бәсекеде де отандастарымыз ТОП-10-ға кіретін Францияға қарсылық көрсете алмады. Есеп: 0,5:3,5. Құрамадан бірінші тақтадағы Денис Махнёв ғана блицтен 2021 жылғы әлем чемпионы Максим Вашье-Лаграв тең түсті.

Бұған дейін жігіттеріміз Гаити мен Нигерияны жеңген болатын.

Ерлер. 205 команда
Қазақстан/Франция - 0,5:3,5

Денис Махнёв - Максим Вашье-Лаграв
Сауат Нұрғалиев - Этьен Бакро
Алдияр Аңсат - Максим Лагард
Жандос Ағманов - Марк-Андриа Маурицци

Айта кетелік екінші турда да Қазақстан құрамалары қарсыластарынан үстем болған еді.