Қазақстандық шахматшылар Грекиядағы әлем чемпионатында 6 алтын, 1 қола медаль алды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан шахматшылары рапидтен юниорлар арасындағы әлем біріншілігінде 7 медаль жеңіп алды. 

шахмат
Фото: Шахмат федерациясы

Әлем чемпионы атағына ие болған шахматшылар:

– Әдинұр Әділбек (O8);

– Алиша Бисалиева (G8) — 11 партияның барлығында жеңіске жеткен. 

– Әміржан Әнетов (O10);

– Айару Алтынбек (G14);

– Елназ Қалиахмет (G16);

– Ерғали Сүлеймен (O18);

Жансая Шолпанбек қола медаль алды (G14). 

Алты жеңімпаз да швейцариялық жүйе бойынша өткен 11 турдың қорытындысы бойынша өздерінің жас санаттарында үздік атанып отыр. Олардың осы жеңісінен кейін Қазақстан командалық есепте бірінші орынға шықты. 

18 жасқа дейінгі юниорлар арасындағы рапид пен блиц бойынша әлем чемпионаты 2025 жылдың 13-17 сәуірі аралығында Родос аралында (Грекия) — Иксия курорт аудағындағы Rodos Palace Hotel Халықаралық конференц-орталығында өтіп жатыр. Турнирге 49 елдің 8 - 18 жасқа дейінгі санаттағы 433 шахматшысы келген.

шахмат
Фото: Шахмат федерациясы

Айта кетейік, бозбалалар мен қыздардың жарысы бөлек-бөлек өтеді. Қазақстан сайысқа 22 шахматшыны жіберді. Олардың ішінде екеуі ғана — Әдинұр Әділбек (O8) пен WFM Айару Алтынбек (G14) жарыс фавориттері саналды. 

Әдинұр Әділбек
Фото: Шахмат федерациясы

17 сәуір күні блицтен (5+3) жарыс аяқталады. Онда швейцариялық жүйе бойынша 11 тур өткізу жоспарланған. 

шахматы
Фото: Шахмат федерациясы

Еске салсақ, бұған дейін СҚО-да 7-сынып оқушысы шахмат тренажерін жасап шыққанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар