Алан Құрманғалиев Ыстамбұлдағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық Алан Құрманғалиев Ыстамбұлда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында ирандық Беньямин Фараджимен бірге жұптық сында қола медаль жеңіп алды. Қазақстандық спортшы осылайша әлемдік додада кезекті жүлдесіне қол жеткізді. Бұл туралы ҰОК мәлім етті.

Қазақстандық спортшы Ыстамбұлдағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды
Фото: ҰОК

Ол жұптық сында Иран өкілі Беньямин Фараджимен бірге өнер көрсетті.

Жартылай финалда қазақстандық-ирандық жұп Оңтүстік Корея спортшыларына 0:3 есебімен жол берді. Осылайша, Алан Құрманғалиев пен Беньямин Фараджи әлем чемпионатын қола медальмен аяқтады.

Айта кетейік, Алан Құрманғалиев 2022 жылы да жастар арасындағы әлем чемпионатында екі медаль жеңіп алған. Ол аралас жұптық сында чемпион атанса, жекелей сында қола жүлдеге ие болған.Қазақстандық спортшы Алан Құрманғалиев Түркияның Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан үстел теннисінен жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. 

ҚР ҰОК мәліметінше, әлем чемпионатына 50 елдің өкілдері қатысады. U19 және U15 жас санаттарында барлығы 14 медаль жиынтығы сарапқа салынған.