Қазақстандық спортшы тау шаңғысынан Италиядағы жарыста топ жарды

АСТАНА. KAZINFORM – Тау шаңғы спортынан Милан-2026 Олимпиадасының жолдама иегері Александра Скороходова Италияның Поцца-ди-Фасса елді мекенінде өткен халықаралық жарыста чемпион атанды, деп хабарлады ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Александра Скороходова
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Отандасымыз слалом жарысында үздік нәтиже көрсетті.

Жүлдегерлер тізімі:

1. Александра Скороходова (Қазақстан) – 1:39.67

2. Гаритано Итурбе (Испания) – 1:40.52

3. Емма Гуггенхеймер (АҚШ) – 1:40.97

Жарыста 15 елден 30 спортшы жүлдеге таласты.

Айта кетейік, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шорт-тректен Қытайдағы турнирде төрт медаль жеңіп алды.

Софья Самоделкина Төрт құрлық чемпионатында қысқа бағдарламада тоғызыншы орын алды.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына өтті.

Соңғы жаңалықтар
Референдум