Қазақстандық спортшы Угандадағы турнирде қола медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM – Уганда Республикасының астанасы Кампалада бадминтоннан өтіп жатқан Uganda International 2024 халықаралық турнирінде қазақстандық спортшы Дмитрий Панарин қола жүлде жеңіп алды.

Қазақстандық спортшы Угандадағы турнирде қола медаль жеңіп алды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, Ұлттық құрама көшбасшысы іріктеуден сүрінбей өтіп, ширек финалда Тобиас Куэнциден басым түскен. Алайда жартылай финалда Үндістан спортшысы Рагху Марисвамиден 3 партияда жеңіліп қалып, қола жүлдені қанағат тұтты. Алайда осы қола медалінің арқасында жерлесімізге олимпиадалық рейтингіде ұпай қосылады.

Uganda International 2024 жарысының жалпы жүлде қоры – 15 мың АҚШ доллары. Биыл турнирге 49 мемлекеттен 500-ге жуық бадминтоншы қатысып жатыр.

Соңғы жаңалықтар