Қазақстандық татами шеберлері «Тunis African Open-2024» турнирінде төрт медаль жеңіп алды

дзюдо
Фото: Дзюдо федерациясы

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық жас татами шеберлері тунисте өткен «Тunis African Open-2024» турнирінде 4 медаль жеңіп алды.

Атап айтсақ, 60 келі салмақта белдескен Данияр Есенғұлов пен 66 келідегі Нұрмұхамед Ботабай жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрініп, алтыннан алқа тақты. 

Ал 66 келідегі тағы бір отандасымыз Артем Штурбабин мен 73 келі салмақта сынға түскен Ержанат Уәли үздік үштікті түйіндеп, қола медальға қол жеткізді.

Сондай-ақ, аталған сында 90 келіде ел намысын қорғаған Уәли Алтаев пен аса ауыр салмақта белдескен Сержан Алпанов қола медаль үшін белдесуде есе жіберді.

Соңғы жаңалықтар