Қазақстандық тауар тасымалдаушыларға Ресеймен шекарада QR-код талап етілетіні ескертілді
АСТАНА. KAZINFORM - Тауарларды автомобиль көлігімен әкелу кезінде алушыға Ресей Федерациясында алдағы жеткізілім туралы құжатты алдын-ала рәсімдеп, QR-кодын алу қажет, деп хабарлайды ҚР қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
QR-коды жүргізушіде болуы және бақылаушы органдардың талабы бойынша көрсетілуі тиіс.
Расталған QR кодының болмауы Ресей Федерациясына кіруге тиім салу және көлік құралын қайтаруды көздейді.
Осыған байланысты, келесі шаралар ұсынылады:
ТКРЖ шеңберінде ресімделген QR-кодтың болуын ресейлік алушыдан алдын ала нақтылау;
өткізу пунктіне келгенге дейін QR-кодын тексеру;
басып шығарылған немесе электронды түрде QR-коды болуы керек;
QR-кодтағы мәліметтерді тауарға ілеспе құжаттармен (тауар, саны, көлік құралы, алушы) салыстырып тексеру;
құжаттарды дұрыс ресімдемеген кезде шекарадан өту уақытының ұлғаюын ескеру қажет.
-Тасымалдауды жоспарлау кезінде көрсетілген өзгерістерді ескеруді және ресейлік тауар алушылармен алдын-ала өзара әрекеттесуді сұраймыз,-делінген хабарламада.
Ресей 1 маусымнан бастап тауар жеткізуді алдын ала растау жүйесін міндетті етеді