Қазақстандық тауарлардың бірыңғай реестрі жасалады

тауар
Фото: gov.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда отандық тауарлардың тізілімін құру жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, Сенат депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне тауарлардың шығарылған елін айқындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына бастамашылық етті.

«Заң жобасында СТ КЗ сертификаттары мен Индустриялық сертификаттың орнына қазақстандық тауарлар реестрін жасау, сондай-ақ салалық мемлекеттік органдармен локализация үлесін, Қазақстанда шығарылатын тауарлар үлесін ұлғайтуға, шыққанын растау тетіктерін айқын етуге бағытталған өндіріс шарттарын қалыптастыру қарастырылған», - деді Қайрат Балықбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Тауарлар реестрі – толық цифрландыруды, өндірісті растау критерийлерін цифрландыруды, сондай-ақ басқа мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияларды ескере отырып, форматты логикалық бақылауды көздейтін Бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйе.

Сонымен бірге, заң жобасы өндіріс субъектілері, өндірістік үй-жайлар мен жабдықтар сияқты нысандарды өндіруге қойылатын талаптардың орындалуына мемлекеттік бақылау енгізуді көздейді.

Заң жобасын биыл қабылдау жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар