Қазақстандық теннисші Франциядағы турнирді сәтті бастады
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның екінші, әлемнің 59-ракеткасы Александр Шевченко Экс-Ан-Прованс (Франция) челленджер турнирін сәтті бастады.

Жарыстың 7-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 108-орында тұрған франциялық Грегуар Баррермен өткізді.
А.Шевченко қарсыласын 6:3, 6:1 есебімен ойсырата ұтты.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында ол 3 эйспен бірге 4 брейк-пойнтты түгел пайдаланды.
Александр Шевченко ширек финалға шығу үшін әлемнің 136-ракеткасы, аргентиналық Факундо Баньиспен шеберлік таластырады.
Тағы бір қазақстандық, негізгі додаға іріктеу сайыстарынан кейін қосылған рейтингіде 129-сатыдағы Михаил Кукушкин алғашқы айналымда әлемнің 96-ракеткасы, аргентиналық Франсиско Комесанаға жол берді – 4:6, 6:1, 6:7 (6:8). Бұл тартысты жекпе-жек үш сағат алты минутқа созылды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бейбіт Жұқаевтың Қытайдағы жарыстың ширек финалына өткенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Рыбакина Мадридте Путинцеваны жеңіп, алғаш рет жартылай финалға шықты.
Анна Данилина Испаниядағы жарыстың ширек финалына шықты.