Анна Данилина Испаниядағы жарыстың ширек финалына шықты

теннис
Фото: ҚТФ

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 56-ракеткасы Анна Данилина Лерида (Испания) челленджер турнирінің ширек финалына шықты.

Жарыстың 3-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина мен эстониялық Ингрид Нил алғашқы кездесуін америкалықтар Хейли Баптисте – Алисия Паркспен өткізді.

Біршама тартысты өрбіген матчта қазақстандық-эстониялық дуэт 7:6 (7:0), 6:4 есебімен жеңіске жетті. 

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Нил – Данилина 4 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. 

Анна Данилина – Ингрид Нил жартылай финалға шығу үшін жапониялық Нао Хибино – тайбэйлік Ву Фанг-Хсиенмен таласады.

Қазақстанның ерлер арасында жұптық сындағы бірінші, әлемнің 42-ракеткасы эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге Мадрид мастерс турнирінің ширек финалынан тыс қалды. Олар 1/8 финалда жарыстың 16-ракеткалары, франциялықтар Садио Думбия – Фабьен Ребулдан жеңіліс тапты – 3:6, 6:3, 5:10. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бейбіт Жұқаевтың Қытайдағы жарыстың ширек финалына өткенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Рыбакина Мадридте Путинцеваны жеңіп, алғаш рет жартылай финалға шықты.

Соңғы жаңалықтар