Бейбіт Жұқаев Қытайдағы жарыстың ширек финалына өтті

Жұқаев
Фото: ҚТФ

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық, әлемнің 182-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Гуанчжоу (Қытай) челленджер турнирінің ширек финалына өтті.

Қазақстандық теннисші 1/8 финалда дүниежүзілік рейтингіде 485-сатыдағы қытайлық Ригел Темен кортқа шықты.

Бірінші партияда Бейбіт 7:5 есебімен Тені қапы қалдырды. Екінші сетте тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:3).

Екі сағаттан астам уақытқа созылған тартысты бәсеке барысында Жұқаев 12 эйспен бірге 3 брейк-пойнттың екеуін мүлт жіберген жоқ. Те 6 эйс, 1 брейктен аса алмады. 

Бейбіт Жұқаев жартылай финалға шығу үшін әлемнің 119-ыншы, осы жарыстың 3-ракеткасы, аустралиялық Адам Уолтоннан өтуге тырысып көреді. 

Қазақстандық теннисші қазіргі кезде ATP Live рейтингісінде 172-орынға көтеріліп тұр. Бұл оның рекордтық көрсеткіші болмақ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Недовесовтің Мадрид мастерс турнирінің 1/8 финалына шыққанын болатынбыз.

Сондай-ақ Михаил Кукушкин Франциядағы жарыстың іріктеу сайысын сәтті өткізді

Соңғы жаңалықтар
telegram