Александр Недовесов Мадрид мастерс турнирінің 1/8 финалына шықты

Александр Недовесов
Фото: ФТК

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 42-ракеткасы Александр Недовесов Мадрид мастерс турнирін жеңіспен бастады.

Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге алғашқы айналымда жарыстың 8-ракеткалары бразилиялық Марсело Мело – америкалық Раджив Раммен кортқа шықты.

Қазақстандық-эквадорлық дуэт бірінші партияда 4:6 есебімен есе жібергенімен, камбэк жасай білді. Екінші сетте олар 6:3 есебімен қарымта қайырса, супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 10:8.

Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсеке барысында Недовесов – Эскобар 4 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың төртеуін өз есептеріне жазды. Мело – Рам 4 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

Александр Недовесов – Гонсало Эскобар ширек финалға шығу үшін Мадридте 16-ракетка болып тіркелген франциялықтар Садио Думбия – Фабьен Ребулмен таласады.

Тағы бір қазақстандық Александр Бублик канадалық Денис Шаповаловпен бірге жұптық сында алғашқы айналымда доданың 11-ракеткалары, ұлыбританиялық Джейми Маррей – жаңазеландиялық Майкл Винусқа жол берді – 3:6, 2:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бейбіт Жұқаевтың Қытайдағы жарыстың екінші айналымына жолдама алғанын жазған болатынбыз.

Александр Бублик Мадрид мастерс турнирінде әлемнің 4-ракеткасына жол берді.

Теннистен әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы плей-офф кезеңінде Оңтүстік Кореямен ойнайды.

Соңғы жаңалықтар