Александр Бублик Мадрид мастерс турнирінде әлемнің 4-ракеткасына жол берді

Бубулик
Фото: Sports.kz

МАДРИД. KAZINFORM – Қазақстанның бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Александр Бублик Мадрид ATP 1000 турнирінің ширек финалына шыға алмады.

Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 4-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведевке тап болды. 

Осыған дейін қарсыластар өзара алты рет кездесіп, бәрінде ресейлік спортшы жеңген екен. 
Бұл жолы бірінші партияда тай-брейкте Медведев сәтті ойнады – 7:6 (7:3). Ол екінші сетте де есесін жібермеді – 6:4.

Бір сағат 46 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Бублик 2 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Ал Медведев 3 брейкпен (4 брейк-пойнт) ерекшеленді. 

Даниил Медведев жартылай финалға шығу үшін испаниялық Рафаэль Надаль – чехиялық Иржи Легечканың қай жеңгенімен таласады.

Мадрид мастерс жарысының төртінші айналымына дейін жеткен А.Бублик ATP Live рейтингісінде 17-орынға шығып тұр. Бұл оның жеке рекорды болмақ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Мадридте 18 жастағы теннисшіні жеңіп, ширек финалға шыққанын жазған болатынбыз.

Мадрид турнирінің ширек финалында Путинцева мен Рыбакина ойнайды.

Бейбіт Жұқаев Қытайдағы жарыстың екінші айналымына жолдама алды.

Соңғы жаңалықтар