Бейбіт Жұқаев Қытайдағы жарыстың екінші айналымына жолдама алды

бейбіт жұқаев
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық, әлемнің 182-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Гуанчжоу (Қытай) челленджер турнирінің екінші айналымына жолдама алды.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 332-орында тұрған Беларусь өкілі Егор Герасимовпен өткізді.

Бейбіт Жұқаев 6:1, 6:4 есебімен айқын басымдылықпен ұтты.

Бір сағат 18 минутқа созылған бәсеке барысында Бейбіт 12 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың үшеуін құр жіберген жоқ.

Бейбіт Жұқаев ширек финалға шығу үшін корт иесі, рейтингіде 485-сатыдағы Ригел Темен таласады.

Бейбіт ресейлік Алибек Качмазовпен бірге жұптық сында да өнер көрсетеді.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 184-ракеткасы Денис Евсеев алғашқы айналымда рейтингіде 241-орындағы аустралиялық Тристан Скулкейттен жеңіліс тапты – 2:6, 0:3. Екінші сетте Д.Евсеев матчты жалғастырудан бас тартты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Мадридте 18 жастағы теннисшіні жеңіп, ширек финалға шыққанын жазған болатынбыз.

Мадрид турнирінің ширек финалында Путинцева мен Рыбакина ойнайды.

 

Соңғы жаңалықтар