Мадрид турнирінің ширек финалында Путинцева мен Рыбакина ойнайды

Путинцева
Фото: ҚТФ

МАДРИД. KAZINFORM – Қазақстанның екінші, әлемнің 50-ракеткасы Юлия Путинцева Мадрид WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты.

Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 11-ракеткасы, ресейлік Дарья Касаткинамен шеберлік таластырды.

Қос теннисші осыған дейін өзара бір рет кездесіп, онда ресейлік спортшы жеңген еді.
Бұл жолы Путинцева ойынды тамаша бастап, 3:0 есебімен алға шыққанымен, сосын алты геймді қарсыласына беріп қойды – 6:3.

Есесіне екінші сетте есе қайырды – 6:2.

Үшінші, шешуші партияда есеп 3:2 болған мезетте аса тартысты геймде Юлия брейк жасай алды. Сосын матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2.

Бір сағат 54 минутқа созылған бәсеке барысында Путинцева 1 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың алтауын құр жіберген жоқ. Касаткина 3 брейкпен (8 брейк-пойнт) көзге түсті. 

Юлия Путинцева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 4-ракеткасы, отандасы Елена Рыбакинамен сынға түседі. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Мадридте камбэк жасап, төртінші айналымға өткенін жазған болатынбыз.

Қазақстандық жас теннисші Грузиядағы жарысты жеңіспен бастады.

Елена Рыбакина Мадридте 18 жастағы теннисшіні жеңіп, ширек финалға шықты.

Соңғы жаңалықтар