Александр Бублик Мадридте камбэк жасап, төртінші айналымға өтті

александр бублик
Фото: bublik/Instagram

МАДРИД. KAZINFORM — Қазақстанның бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Александр Бублик Мадрид (Испания) ATP 1000 турнирінің төртінші айналымына өтті.

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 15-ракеткасы, 21 жастағы америкалық Бен Шелтонмен шеберлік таластырды. 

Бірінші партияда Шелтон 2:0 есебімен алға шығып, сол басымдылығын сақтап қалды — 6:3.

Әлдеқайда тартысты өрбіген екінші сет тай-брейкке ұласып, онда Бублик бет қаратпады — 7:6 (7:2).

Үшінші, шешуші партияда есеп 1:1 болған мезетте қазақстандық теннисші брейк жасай алды.

Ақыры матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ — 6:4.

Екі сағат 10 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында А.Бублик 8 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың біреуін ғана өз есебіне жазды.

Б.Шелтон 9 эйс, 1 брейкпен (8 брейк-пойнт) көзге түсті. 

Александр Бублик ширек финалға шығу үшін әлемнің 4-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведев немесе рейтингіде 26-орындағы тағы бір америкалық Себастьян Корданың қай жеңгенімен таласады. 

Қазақстандық теннисші қазіргі сәтте ATP Live рейтингісінде 17-сатыға көтеріліп тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Мадрид мастерс турнирінің төртінші айналымына өткенін жазған болатынбыз.

Юлия Путинцева Мадрид мастерс турнирінің 1/8 финалына шықты.

Соңғы жаңалықтар