Юлия Путинцева Мадрид мастерс турнирінің 1/8 финалына шықты

Юлия Путинцева Мадрид мастерс турнирінің 1/8 финалына шықты
Фото: ҚТФ

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның екінші, әлемнің 50-ракеткасы Юлия Путинцева Мадрид WTA 1000 турнирін сәтті өткізіп жатыр.

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 56-ракеткасы, америкалық Кэролайн Доулхайдтың мысын басты.

Бірінші партияда Путинцева қос брейкке жеткізді – 6:2.

Юлия екінші сетте де қарсыласына мүмкіндік берген жоқ – 6:2.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 5 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ.

Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін қос ресейлік, әлемнің 11-ракеткасы Дарья Касаткина немесе рейтингіде 22-орындағы Анастасия Павлюченкованың жеңгенімен таласады.

Биылғы маусымда Ю.Путинцева WTA 1000 жарыстарында оныншы жеңісіне қол жеткізді. Бұл – оның спорттық жолындағы рекордтық көрсеткіші.

Қазақстандық теннисші WTA Live рейтингісінде 43-сатыға көтеріліп тұр.

Егер келесі қарсыластарын ұтса, Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева жартылай финал жолдамасын өзара сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Тунистегі турнирдің жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Заңғар Нұрланұлы Түркиядағы жарыста үздік атанды.

Елена Рыбакина Мадрид мастерс турнирінің төртінші айналымына өтті.

Соңғы жаңалықтар