Жібек Құламбаева Тунистегі турнирдің жеңімпазы атанды

жібек құламбаева
Фото: ktf.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Хаммамет (Тунис) ITF W35 турнирінің чемпионы атанды.

Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген Ж.Құламбаева – нидерландылық Жасмин Гимбрере барлығы төрт кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жетті.

Соның ішінде жартылай финалда эквадорлық Мария Фернанда Эрасо Гонсалес — алжирлік Инес Иббуді 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді. 

Соңғы бәсекеде Жібек Құламбаева – Жасмин Гимбрере доданың 2-ракеткалары, аустралиялық Кайла Макфи – ресейлік Ксения Зайцевадан 6:4, 7:5 есебімен басым түсті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Григорий Ломакиннің Шымкент турнирінің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Александр Бублик Мадрид мастерс турнирінің үшінші айналымына шықты.



Соңғы жаңалықтар