Қазақстандық жас теннисші Грузиядағы жарысты жеңіспен бастады

аружан сағындықова
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық, 19 жастағы Аружан Сағындықова Лопота (Грузия) ITF W50 турнирін жеңіспен бастады.

WTA рейтингісінде 809-орында тұрған қазақстандық теннисші алғашқы кездесуін грузиялық Анамария Курцикашвилимен өткізді.

Аружан қарсыласын 6:0, 6:4 есебімен ұтып, 1/8 финалға жолдама алды.

Аружан Сағындықова ширек финалға шығу үшін әлемнің 461-інші, осы жарыстың 7-ракеткасы, ресейлік Кира Павловамен шеберлік таластырады.

Ол алғашқы айналымда отандасы Евгения Бурдинаны 6:4, 7:6 (8:6) есебімен жолдан тайдырды. 

Аталмыш дода 5 мамырда мәресіне жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Мадридте камбэк жасап, төртінші айналымға өткенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар