Михаил Кукушкин Франциядағы жарыстың іріктеу сайысын сәтті өткізді

михаил кукушкин
Фото: kukushkin_mikhail/Instagram

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық, әлемнің 129-ракеткасы Михаил Кукушкин Экс-Ан-Прованс (Франция) челленджер жарысының іріктеу сайыстарын сәтті өткізді.

Қазақстандық теннисші алдымен іріктеу сайыстарының жартылай финалында корт иесі, дүниежүзілік рейтингіде 274-орында тұрған Матиас Буркті қапы қалдырды — 7:5, 6:2.

Іріктеу сайысының финалында Кукушкин әлемнің 146-ракеткасы, Испания өкілі Пабло Руизбен бетпе-бет келді.

Бірінші сетте 3:0 есебімен Михаил алға шыққан мезетте испаниялық спортшы матчты жалғастырудан бас тартты.

Осылайша Михаил Кукушкин негізгі турнирге жолдама алды. 

Қазақстандық спортшы алғашқы айналымда әлемнің 96-ракеткасы, аргентиналық Франсиско Комесанамен сынға түседі.

Қазақстанның екінші, әлемнің 56-ыншы, осы жарыстың 7-ракеткасы Александр Шевченко бастапқы кездесуінде рейтингіде 101-сатыдағы бельгиялық Давид Гоффенмен шеберлік таластырады. 

Экс-Ан-Прованс додасы 5 мамырда мәресіне жетіп, чемпион анықталады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бейбіт Жұқаевтың Қытайдағы жарыстың екінші айналымына жолдама алғанын жазған болатынбыз.

Теннистен әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы плей-офф кезеңінде Оңтүстік Кореямен ойнайды.

Александр Недовесов Мадрид мастерс турнирінің 1/8 финалына шықты. 

Соңғы жаңалықтар