Қазақстандық теннисші Грузиядағы турнирдің чемпионы атанды

Қазақстандық теннисші Грузиядағы турнирдің чемпионы атанды
Фото: ktf.kz

ТБИЛИСИ. KAZINFORM -  Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Тбилиси (Грузия) ITF турнирінің чемпионы атанды.

Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген Г.Ломакин мен чехиялық Марек Генгел жартылай финалда Израиль өкілдері Орел Кимхи - Офек Шимановты тартысты матчта тізе бүктірді - 6:7 (10:12), 6:3, 10:5.

Финалдық бәсеке де үш сетке созылды. Онда қазақстандық-чехиялық жұп доданың 2-ракеткалары, корт иелері Александр Бакши - Зура Ткемаладзені жеңді - 2:6, 7:6 (7:3), 10:8.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Сандуғаш Кенжебаеваның Анталиядағы жарыстың 2-ракеткасын жеңіп, жартылай финалға шыққанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар