Қазақстандық теннисші Мысырдағы турнирді жеңіспен бастады

Григорий Ломакин
Фото: Sports.kz

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Шарм-эль-Шейхте (Мысыр) өтіп жатқан ITF жеке разрядтық турнирінде алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Kazinform Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Ломакин Польша өкілі Адам Баюркомен шеберлік байқасып, екі сетте 6:1, 6:0 есебімен жеңіске жетті. 

Келесі айналымда қазақстандық спортшы украиналық теннисші Юрий Джавакянмен кездеседі.

Айта кетейік, 25 жастағы Ломакин қазір ATP (Кәсіби теннисшілер қауымдастығы) әлемдік жекелей рейтингінде 794-орында тұр. 

Соңғы жаңалықтар