Қазақстандық теннисші Мысырдағы жарыстың жартылай финалына шықты

Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform.

Ломакин
Фото: Sports.kz

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген Г.Ломакин ресейлік Евгений Филипповпен бірге ширек финалда мысырлық Акрам Эль-Саллали - нидерландылық Метт Ротчеррингпен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-ресейлік жұп 6:4, 7:6 (7:3) есебімен жеңіске жетті.

Г.Ломакин - Е.Филиппов финалға шығу үшін словакиялық Филип Крослак - словениялық Ян Куксиспен таласады.

Тағы бір қазақстандық, дүниежүзілік рейтингте 197-орында тұрған Денис Евсеев Майя (Португалия) челленджер жарысының екінші айналымында әлемнің 159-ыншы, доданың 5-ракеткасы, швециялық Элиас Имерге 2 сағат 42 минутқа созылған тартысты матчта есе жіберді - 4:6, 7:6 (9:7), 3:6.

Сондай-ақ Аружан Сағындықова Монастир (Тунис) ITF турнирінде грекиялық Андреа Присакариуға жол беріп, ширек финалға шыға алмады - 2:6, 6:4, 0:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Денис Евсеевтің Португалиядағы турнирді жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.

Сонымен қатар Аружан Сағындықова Тунистегі турнирдің екінші айналымына өтті.