Қазақстандық теннисшілер Дубай ATP 500 турнирінде бақ сынайды
АСТАНА. KAZINFORM – 26 ақпан – 3 наурыз аралығында Дубайда (БАӘ) ATP 500 санатындағы турнир өтеді.
Қазақстанның екінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Шевченкоға қиын қарсылас тап болды.
А.Шевченко алғашқы айналымда әлемнің төртінші, осы жарыстың 1-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведевпен шеберлік байқасады.
Бұл ресейлік теннисшінің биылғы Аустралия ашық чемпионатының финалынан кейінгі алғашқы кездесуі болмақ.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Александр Бублик іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен кортқа шығады.
Өткен жылы Дубайда отандасы Андрей Рублевті финалда ұтқан Д.Медведев чемпион болған еді.
Жарыстың жүлде қоры 2,9 млн АҚШ долларына бағаланып отыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дмитрий Попконың Флорида штатында қатарынан үшінші рет финалға өткенін жазған болатынбыз.