Қазақстандық теннисшілер үшін Уимблдон турнирі биыл сәтті бола ма

АСТАНА. KAZINFORM — 29 маусым – 12 шілде аралығында Лондонда өтетін Уимблдон турнирінде қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды.

World Tennis: Халықаралық теннис федерациясының атауы өзгерді
Фото: ҚТФ

Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы, Уимблдон жарысының 2022 жылғы чемпионы Елена Рыбакина алғашқы кездесуін рейтингіде 154-орындағы франциялық Луа Буассонмен өткізеді. 

Франциялық теннисші рейтингіде төмен тұрғанымен, өткен жылы Ролан Гаррос турнирінде айды аспанға шығарып, жартылай финалға дейін жетті.

Әлемнің 85-ракетасы Юлия Путинцева рейтингіде 112-сатыдағы германиялық Татьяна Мариядан өтуге тырысып көреді. 

Қазақстанның ерлер арасында бірінші, әлемнің 11-ракетасы Александр Бублик алғашқы айналымда рейтингіде 492-орындағы аустралиялық Танаси Коккинакиспен шеберлік байқасады. 

Рейтингіде 92-орындағы Александр Шевченкоға қиын қарсылас тап болды. Ол әлемнің 4-ракеткасы, канадалық Феликс Оже-Альяссиммен ойнайды. 

Өткен жылы Уимблдонда Е.Рыбакина үшінші айналымға дейін жеткен еді. Ал қалған үшеуі алғашқы кездесулерінде-ақ жеңіліп қалған болатын. Биыл қазақстандық теннисшілер жылдың үшінші «Үлкен дулыға» додасында сәтті өнер көрсетсе, рейтингілік ұпай жинап, жағдайларын жақсарта алады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Польшадағы турнирдің финалына шыққанын жазған едік.