Қазақстандық туроператорларға қосымша салық туралы хабарлама жіберіліп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық туроператорлар шетелге демалуға жіберілген туристердің нақты саны бойынша салық органдарынан қосымша салық төлеу туралы хабарлама алып жатыр.

Қазақстандық туроператорларға қосымша салық туралы хабарлама жіберіліп жатыр
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Бүгін Үкімет отырысында отандық туризмді дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды. Жиыннан кейін өткен баспасөз мәслихатында туроператорлар қызметіне қатысты қосымша салық мәселесі көтерілді.

Сауалға Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев жауап берді.

— Иә, мұндай кейс бар және біз бұл мәселе бойынша туризм саласының өкілдерімен де, Қаржы министрлігімен де бірнеше рет сөйлестік. Қаржы министрлігі түсіністік танытып отыр. Иә, хабарламалар жіберілді, себебі Мемлекеттік кірістер комитеті салықты қайта есептеп, туризм субъектілерінің салықты уақтылы төлемегенін анықтады. Басқаша айтқанда, салық төлеуден жалтарған. Бұл жерде қылмыстық құрам жоқ, тек қосымша есептелген салыққа тиісті әрекет етуі тиіс, яғни төлеу керек, не болмаса құқығын сотта қорғау қажет, — дейді министрдің орынбасары.

Вице-министрдің мәлімдеуінше, қосымша салыққа қатысты, әрбір бизнес субъектінің мәселесі жеке қаралады.

Бұған дейін Ержан Еркінбаев автожолдар бойындағы және далалық жерлерді әжетхана орнату мәселесіне қатысты пікір білдірген еді

Үкімет отырысында белгілі болғандай, елімізде туристерге арналған, жасанды интеллектіге негізделген TravelStan мобильді қосымша әзірленеді

Соңғы жаңалықтар