Қазақстандық ватерполшылар Азия жағажай ойындарының қола жүлдесін иеленді

АСТАНА. KAZINFORM — Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан VI Азия жағажай ойындарының қола жүлдегері атанды.

Қазақстандық ватерполшылар Азия жағажай ойындарының қола жүлдесін иеленді
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Турнирдегі соңғы матчында қазақстандықтар Оңтүстік Корея құрамасымен кездесіп, 3:0 (4:2, 2:1, 3:2) есебімен жеңіске жетіп, қола медальді иеленді.

Жарыс айналым жүйесі бойынша өтті. Бес кездесуде Қазақстан құрамасы үш рет жеңіске жетіп, екі рет қарсыластарына жол берді.

Бұл сында ел намысын Темірлан Балфанбаев, Сұлтан Шонжігітов, Мұрат Шәкенов, Эдуард Цой, Руслан Ахметов, Александр Еремин және Алдияр Әкімбай қорғады.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында жеті медаль бар. Бір алтын, бір күміс және бес қола жүлде.

Айта кетелік құзға өрмелеуден Қазақстан құрамасы плей-офф кезеңіне шыққан еді