Қазақстандық заңгер Шымбұлақ тау шаңғысы әкімшілігін сотқа бермек

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстандық заңгер Джохар Өтебеков «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты әкімшілігін сотқа бермек. Бұл туралы ол өзінің Facebook –тегі парақшасында жазды.

Алматыда «Медеу-Шымбұлақ» жолымен өту режимінің кестесі өзгерді
Фото: Александр Павский/Kazinform

Айтуынша, оның жұбайы Құндыз Өтебекованы Шымбұлақта шаңғы теуіп жүрген кезінде сноубордшылар екі рет қағып кеткен. Салдарынан әйелі құлап, жарақат алған.

«Кез келген курорта қауіпсіздікті дұрыс сақтамағандарды шаңғы билетінен және тау баурайларына кіру құқығынан айырылады. Бірақ Шымбұлақ әкімшілігі кінәлілерді іздеуге де тырыспады. Сноубордшылар да қашып кетті. Біз Шымбұлақты міндетті түрде сотқа береміз» – деп жазды ол.

«Шымбұлақ» тау шаңғы курортының директоры Ринат Әбдірахманов аталған жағдайға байланысты түсінік берді. 


«26 қаңтар күні сағат 15:13-те жедел орталыққа Талғар тас жолының жоғарғы бөлігінде сырғанушылардың соқтығысқаны туралы ақпарат түсті.Зардап шеккен адамды эвакуациялау үшін көрсетілген жерге шаңғы патрульдік қызметі жіберілді. Құтқарушылар алғашқы ақпаратты жинау кезінде зардап шегуші сноубордшымен соқтығысқаны белгілі болды. Алайда ол оқиға орнынан қашып кеткен. 15:23-те жарақат алған әйел медициналық пунктке эвакуацияланды. Оған қажетті алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Кешкі сағат 17:40-та ол курорттан шығып кеткен», - деді ол.

Әбдірахмановтың айтуынша, қазір курорттың жедел штабы зардап шегушімен байланыста.

«Бейнебақылау камераларының көмегімен күдікті үш адам анықталды.Тәртіп бұзушылар қалалық жалға беру қызметтерін пайдаланған. Қазіргі уақытта олардың кім екенін білу үшін полицияға қосымша материалдар ұсынылуда»,- деп атап өтті.