Қазақстан және қытай журналистерінің бірлескен баспасөз туры өтті

Жэньмин
Фото: Жэньмин жибао

АСТАНА. KAZINFORM – Атап айтқанда, «Бір белдеу – Бір жол» тақырыбымен өткен баспасөз турына қазақстандық бірнеше БАҚ және «Жэньминь жибао» газетінің өкілдері қатысты. Бір аптаға созылған тур барысында журналистер ел өңірлерін аралап, қазақ-қытай жобаларының жүзеге асырылу барысымен танысты.

Строительство ЛРТ LRT құрылысы
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Ең әуелі, топ сапары Астанадағы жеңіл рельсті көлік жүйесінің (LRT) құрылыс нысандарынан басталды. China construction компаниясы шетелдік бизнес департаментінің бас менеджері Хан Юлонның айтуынша, LRT «Бір белдеу - Бір жол» бастамасы аясындағы ең маңызды жоба саналады.

- Сондықтан, компаниямыз құрылыстың уақтылы және сапалы аяқталуына айрықша мән береді, - деп атап өтті ол.

машина жасау
Фото: Мұхтар Қалимолла/Kazinform

Соңғы жылдары Қазақстандық автоөнеркәсіп саласы қарқынды дами бастады. Айта кетерлігі, Қостанайдағы Allur зауыты қытайлық әріптестерімен бірлесіп, ішкі нарықта JAC және Jetour маркалы машина брендтерін құрастырып жатыр. Кәсіпорын өкілдерінің таныстыруынша, компания 2010 жылы құрылып, бұл күнде 3 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. Кәсіпорын аумағында жалпы ауданы 89 мың шаршы метрге жететін 7 цех орналасқан. 2023 жылы зауыт рекордтық көрсеткішке қол жеткізді - 90 мың көлік шығарды. Ал жалпы зауыт іске қосылғалы 300 мыңнан астам көлік шығарып үлгерген.

алюр
Фото: Мұхтар Қалимолла/Kazinform

Компания «Қостанай автомобиль көлігі колледжімен» тығыз серіктестік орнатқан. Ынтымақтастық аясында, колледж түлектері практикадан өтсе, оқу бітіргеннен кейін зауытқа жұмысқа орналасуға мүмкіндіктері жоғары. Колледж директоры Дмитрий Павленконың айтуынша, 1959 жылы ашылған білім ордасы осыған дейін шамамен 25 мың маман дайындаған. Сондай-ақ, ол оқу бағдарламасы және мамандықтар нарық қажеттілігіне қарай дайындалып отыратынын айтты.

колледж алюр
Фото: Мұхтар Қалимолла/Kazinform

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр мамыр айында Қытайға жасаған мемлекеттік сапары аясында, ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен елімізде «Лу Бань шеберханасын» ашу туралы келіскен болатын. Қорытындысында, қытайлық Тяньцзинь кәсіптік институтының қолдауымен өткен жылдың желтоқсан айында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті базасында «Лу Бань шеберханасы» ашылды.

Лу Бань
Фото: Мұхтар Қалимолла/Kazinform
Лу Бань
Фото: Мұхтар Қалимолла/Kazinform

Тасымалдау, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану мамандығының магистранты Сәкен Оралбектің айтуынша, шеберхана екі зертханадан құралып, автомобиль, тасымалдау және жол қозғалысы саласын зерттеуге бағытталған. Сондай-ақ орталықта электромобильдер мен қытайлық көліктерге техникалық қызмет көрсету және диагностика жасау сияқты дәрістер арнайы оқытылады.

Лу Бань
Фото: Мұхтар Қалимолла/Kazinform
Лу Бань
Фото: Мұхтар Қалимолла/Kazinform
Лу Бань
Фото: Мұхтар Қалимолла/Kazinform

БАҚ өкілдері Шымкент мұнай өңдеу зауытына барып, өндіріс барысы мен жаңғырту жобаларымен танысты. «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС вице-президенті Ерлан Кесікбаевтың айтуынша, бұл – Орталық Азиядағы ірі мұнай өңдеу зауыттарының бірі. Ол ең алдымен, еліміздің жанар май нарығы қажеттілігін қамтамасыз етеді. Болашақта зауыттың жылдық өндірістік қуаттылығын 12 млн тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр.

мұнай, құбыр
Фото: Мұхтар Қалимолла/Kazinform

Жобаны іске асыру автобензин өндірісін 700 мың тоннаға, авиаотын өндірісін 700 мың тоннаға, дизель отынын өндіруді 3,9 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жоспар бойынша жаңа нысандар 2030 жылы іске қосылады, - деді Е. Кесікбаев.

Шымкент МӨЗ
Фото: Жэньмин жибао

Алматы облысында жалғасқан баспасөз туры барысында, екі ел журналистері «Азия газ құбыры» ЖШС және Бұғыты кен орнының вольфрам өндіру жобасымен танысып қайтты. «Азия газ құбыры» ЖШС басқарма төрағасы Ерсейіт Қайыпов «Орталық Азия — Қытай» газ құбыры және «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының жұмысын таныстырса, ҚР-дағы «Қытай азаматтық инженерлік-құрылыс корпорациясы» ЖШҚ филиалы директорының орынбасары Юэ Вэй вольфрам зауытының құрылысы және алдағы жоспарларымен бөлісті.

Газ құбыры
Фото: Жэньмин жибао
мұнай өңдеу
Фото: Мұхтар Қалимолла/Kazinform

Қос елдің БАҚ өкілдері қатысқан баспасөз туры Астанада форуммен қорытындыланды. Оған Сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаев және Алишер Сатыбалдиев, Kazinform ХАА басқарушы директоры Асқар Жалдинов, «Егемен Қазақстан» РГ» ЖШС бас директоры Дихан Қамзабекұлы, «Жэньминь жибао» газетінің бас редакторы Сюй Лицзин және Қазақстандағы Қытай елшілігінің кеңесшісі Лю Хуа қатысты.

пресс-тур
Фото: Жэньмин жибао
Дихан Қамзабекұлы
Фото: Жэньмин жибао

Форумға қатысушылар екі елдің БАҚ саласындағы ынтымақтастығының қазіргі жағдайы және келешегі туралы пікір алмасты.

Соңғы жаңалықтар