Қазақстандық жас паделшілер Азия рейтингісінде ТОП-6-ға кірді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық жас падел шеберлері FIP Promises Asia рейтингісіндегі көрсеткішін жақсартты.
Халықаралық падел федерациясы жаңартылған рейтингі нәтижелерін жариялады.
Қазақстан падел федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 18 жасқа дейінгілер арасында Азия FIP Promises рейтингісінде екі қазақстандық паделші ТОП-6-ның қатарына кірді.
Атап айтқанда, Арнұр Тұрсынхан мен Ислам Дүйсенғазин 6-орынға көтерілді.
Арнұр мен Ислам кеше 16 және 18 жасқа дейінгілер арасында Дубайда аяқталған FIP Promises Damac Dubai II турнирінде жартылай финалға дейін жетті.
Аталмыш жарыста А.Тұрсынхан мен И.Дүйсенғазин барлығы төрт кездесу өткізіп, соның үшеуінде жеңіске жетті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын жазғы Азия ойындарында қазақстандық паделшілер бақ сынайтынын жазған едік.
Сондай-ақ қазақстандық паделшілер Азия ойындарының екінші айналымына өтті.