Қазақстандық жас паделшілер Азия рейтингісінде үздік үштікке кірді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық жас паделшілер Арнұр Тұрсынхан мен Ислам Дүйсенғазин ел паделі тарихында үздік көрсеткішке қол жеткізді.

Қазақстандық жас паделшілер Азия рейтингісінде үздік үштікке кірді
Фото: Қазақстан падел федерациясы

Халықаралық падел федерациясы (FIP) әлемдік жаңартылған рейтингіні жария етті. Қазақстандық қос жас паделші 18 жасқа дейінгілер арасында Азияда үздік бестікке кірді. 

Арнұр Тұрсынхан мен Ислам Дүйсенғазин Азия FIP Promises рейтингісінде 3-орынға көтерілді. Бұл — жас ойыншылар үшін отандық падел тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.

Арнұр мен Ислам жексенбі күні мәресіне жеткен 18 жасқа дейінгілер арасында Алматы FIP Promises турнирінде топ жарды. Бұл Қазақстандағы осындай деңгейдегі алғашқы жарыс болатын. Бүгін екінші дода басталды. 

Еске салайық, бұдан бұрын Қазақстанда алғаш рет паделден халықаралық FIP Promises турнирі өтетінін жазған едік.