Қазақстандық жас теннисші Франциядағы турнирдің финалында өнер көрсетті

АСТАНА. KAZINFORM – Францияның Бар-ле-Док қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында үшінші санаттағы Tennis Europe турнирі мәресіне жетті.

Қазақстандық жас теннисші Франциядағы турнирдің финалында өнер көрсетті
Фото: ҚТФ

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 13 жастағы қазақстандық теннисші Айым Қанағатова сәтті өнер көрсетіп, беделді жарыстың финалына дейін жетті. 

Айым шешуші бәсекеде ғана жергілікті теннисші Шарлотта Хакардқа жол берді – 1:6, 0:6.

Талдықорған теннис мектебінің түлегі Айым Қанағатова өткен жылы Tennis Europe жарыстарында жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтқанда, екі дүркін жекелей, бір рет жұптық сында жеңімпаз атанды. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Аустралия ашық чемпионатында Заңғар Нұрланұлының үшінші айналымға жолдама алғанын жазған едік.

Сондай-ақ Анна Данилина миксте ширек финалға шықты. Ал, Елена Рыбакина өткен жылғы көрсеткішін жақсартты.

Соңғы жаңалықтар