Қазақстандық жас теннисші Словенияда қарсыластарын бірде-бір партия бермей жеңді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Словенияның Оточец қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Қазақстандық жас теннисші Словенияда қарсыластарын бірде-бір партия бермей жеңді
Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасының өкілі U13 жас санатында алтын медаль жеңіп алды.

Жарыс барысында Жәния словениялық Эму Калужаны — 3:0, үндістандық Каавья Саринді — 3:0, сингапурлық Линь Цзяцзюньді — 3:0, хорватиялық Стелла Пресецкиді — 3:0, Ника Грегурецті — 3:0 және Петра Липовшчакты — 3:0 есебімен жеңді. Финалда ол Сингапур өкілі Хуан Кристалдан 3:1 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, бұған дейін Жәния Бекмұхамбетова Хорватияда өткен WTT Youth Contender турнирінде күміс жүлдегер атанған еді.

Осыған дейін Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Хорватиядағы турнирде екінші орын алғанын жазғанбыз.