Қазақстандық жас теннисші Тунистегі жарыстың жартылай финалына жолдама алды

Сандуғаш Кенжебаева
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық, 19 жастағы Сандуғаш Кенжебаева жұптық сында Монастир (Тунис) ITF турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform.

Қазақстандық теннисші америкалық Кьяра Шолльмен бірге екі кездесуін сәтті өткізді.

Қазақстандық-америкалық жұп алдымен германиялықтар Миа Мэк – Йоханна Сильваны 7:5, 6:3 есебімен жолдан тайдырды.

Содан кейін ширек финалда жарыстың екінші ракеткалары, италиялық Нурия Бранкаччо – румыниялық Андрея Присэкариумен шеберлік таластырды.

Бірінші партияда С.Кенжебаева – К.Шолль қарсыластарын айқын басымдылықпен ұтты – 6:1. Екінші сетте есеп олардың пайдасында 1:0 болғаннан кейін Н.Бранкаччо – А.Присэкариу бәсекені жалғастырудан бас тартты.

Сандуғаш пен Кьяраның жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Мысырдағы турнирдің жартылай финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар