Қазақстандық жас теннисшілер Италиядағы турнирде чемпион атанды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандықтар Соня Жиенбаева мен Асылжан Арыстанбекова жұптық сында Италияның Санта-Кроче қаласында өткен ITF Juniors J300 турнирінде жеңімпаз атанды.

 Асылжан Арыстанбекова
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық қыздар финалда италиялықтар Базилетти – Мадуззиді 6:1, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Бұл – Соня мен Асылжанның бірге жеңіп алған екінші титулы. Ақпанда қазақстандық дуэт Каирда бірінші санаттағы жарыста үздік шыққан еді.

Жекелей сында Соня Жиенбаева финалға дейін жетіп, онда украиналық Елизавета Котлярға жол берді – 3:6, 2:6.

Италияда сәтті өнер көрсетуі нәтижесінде Соня жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде рекордтық 22-орынға көтеріледі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның әлемдік рейтингіде 37-орынға көтерілгенін жазған болатынбыз.

Теннистен әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қарсыластары анықталды.

Александр Недовесов әлемдік рейтингіде рекордтық нәтижеге қол жеткізді.

Асылжан Арыстанбекова
Фото: Қазақстан теннис федарациясы