Қазақстандық жас теннисшілер Түркиядағы турнирде жеңімпаз атанды

Түркияның Ыстанбұл қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында үшінші санаттағы Tennis Europe турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды Kazinform.

теннис
Фото: ҚТФ

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, аталмыш жарыста қазақстандық жас теннисшілер табысты өнер көрсетті.

Жекелей сында Роберт Каминский финалға дейін жетіп, бас жүлде үшін бәсекеде ресейлік Никита Бердинге жол берді – 1:6, 2:6.

Жұптық сында финалда қазақстандықтар Александр Софрыгин – Егор Сорокин және Аңсар Ниетқалиев – Жантөре Санжарұлы өзара кездесті. Үш сағатқа созылған тартысты матчта Александр мен Егор жеңіске жетіп, чемпион атанды – 1:6, 6:3, 10:8.

Қыздар арасында қазақстандық Руслана Русланова ресейлік Виктория Хастцаевамен бірге соңғы бәсекеде ресейліктерТатьяна Головина – Мария Масляковаға есе жіберді – 6:2, 5:7, 6:10.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Мысырдағы турнирдің финалында жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.