Қазақстандық жасөспірім қыздар Денис Тен мемориалында бақ сынады
АСТАНА. KAZINFORM — Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориалында жасөспірім қыздар арасында қысқа және еркін бағдарлама аяқталды.
Қыздар арасындағы жекелей сайыста Мария Санникова қос бағдарлама қорытындысы бойынша 146,18 ұпай еншілеп, оныншы орынға тұрақтады.
Сафия Абаева 145,93 ұпаймен 11-орын, Анна Санникова 141,72 ұпаймен 12-орын, София Журавлёва 132,76 ұпаймен 16-орын, Карина Шеина 131,71 ұпаймен 17-орын, Мария Сосновская 124,66 ұпаймен 18-орын, Анастасия Энгельгардт 115,42 ұпаймен 20-орынға табан тіреді.
Жүлделі орындарды бейтарап мәртебеде өнер көрсеткен ресейлік мәнерлеп сырғанаушылар иеленді. Алиса Зайкина алтын медаль жеңіп алды - 206,05 ұпай. Виктория Стрельцова күмістен алқа тақты - 200,99 ұпай. Ал Алёна Принева үздік үштікті түйіндеді - 198,59 ұпай.
Софья Самоделкина Денис Тен мемориалында қола медаль жеңіп алғанын жазған едік.