Қазақстандық жасөспірім теннисшілер халықаралық турнирлерде топ жарды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық жасөспірім теннисшілер ITF турнирлерінде сәтті өнер көрсетті. Айя Нұпбай жұптық сында ITF J200 Juniors Almaty жарысының чемпионы атанды. 

жасөспірімдер сәтті өнер көрсетті
Фото: ҚТФ

Алматыда Айя ресейлік Полина Кухаренкомен бірге финалда қазақстандық Полина Слепцова – америкалық Амина Салибаеваны 6:1, 6:4 есебімен жеңді.

Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында ITF J60 Juniors додасы мәресіне жетті. Мұнда София Исакова жекелей сында отандасы Ариана Колбасинадан айласын асырды – 6:1. 

Бір апта бұрын осы Шолпан-Атада София жекелей сында ITF J30 турнирінде үздік шыққан еді. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бейбіт Жұқаевтың Ұлыбританияда негізгі жарысқа жолдама алғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Елена Рыбакина Берлинде Нидерландтағы турнирдің чемпионымен кездесуі мүмкін.