Қазақстандық жеңіл атлет Олимпиаданы 17-орынмен аяқтады

ПАРИЖ. KAZINFORM — Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық жеңіл атлет Дэйзи Джепкемей 10 шақырымға жүгіру финалында сынға түсіп, 17-орынға ие болды.

дэйзи
Фото: Сали Сабиров/ҰОК

Ол аталған қашықтықты 31 минут 26.6 секундта жүгіріп өтті. 

Айта кетейік, Дейзидің осы қашықтықтағы ең жақсы нәтижесі — 30:52.43 секунд.

жүгіру
Фото: Сали Сабиров/ҰОК

Бұл сында 5 мың метрге жүгіруде топ чемпион Беатрис Чебет (Кения) тағы да алтыннан алқа тақты. 

Ал күміс жүлдені Еуропа чемпионы Надя Баттоклетти (Италия) еншіледі.

жүгіру
Фото: Сали Сабиров/ҰОК

Үздік үштікті Токио Олимпиадасының 2 дүркін чемпионы Сифан Хассан (Нидерланд) түйіндеді.

Аталған жарысқа 25 атлет қатысты. Оның үшеуі мәреге жете алған жоқ.

жүгіру
Фото: Сали Сабиров/ҰОК

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін медальдан басты үміткерлердің бірі қазақтың «қара маржаны» атанып кеткен жеңіл атлет Нора Джеруто халықтың үмітін ақтай алмағанын жазған едік.