Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстандық жүзушілер Азия чемпионатында 16 медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM — Таиландтың Бангкок қаласында су спорты түрлерінен жас ерекшеліктері бойынша Азия чемпионаты өтіп жатыр.

жүзу, бассейн
Фото: ҚР ҰОК

Қазақстандық жүзушілер жарысты 16 медальмен аяқтады. Оның алтауы — алтын.

Алтын медаль иегерлері:

  • Александр Румынский — 100 метрге шалқалай жүзу;

  • Даниил Чужинов — 200 метрге кешенді жүзу;

  • 4×100 метрге аралас эстафета (А тобы);

  • Александр Румынский — 200 метрге шалқалай жүзу;

  • Анатолий Руденко — 100 метрге брасс әдісімен жүзу;

  • Анатолий Руденко — 50 метрге брасс әдісімен жүзу.

Күміс медаль иегерлері:

  • Александр Миронычев — 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу;

  • Дарья Чеснокова — 50 метрге шалқалай жүзу;

  • Федор Диденко — 800 метрге еркін стильде жүзу;

  • 4×100 метрге аралас эстафета (В тобы);

  • 4×200 метрге еркін стильдегі эстафета (А тобы);

  • Александр Миронычев — 50 метрге еркін стильде жүзу;

  • 4×100 метрге аралас аралас (микст) эстафета (А тобы).

Қола жүлдегерлер:

  • Федор Диденко — 400 метрге еркін стильде жүзу;

  • 4×100 метрге еркін стильдегі эстафета (А тобы);

  • Даниил Чужинов — 400 метрге кешенді жүзу.

Айта кетейік, құрлық біріншілігіне Азияның әртүрлі елдерінен жас санатындағы спортшылар қатысып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан таеквондодан Оңтүстік Кореядағы турнирде жеті алтын медаль жеңіп алғанын жазғанбыз.