Қазақстандықтар 2023 жылы ХҚКО арқылы қанша төлқұжат пен жеке куәлік алды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
Фото: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

Қазақстандықтар 2023 жылы ХҚКО арқылы 2,6 млн астам төлқұжат пен жеке куәлік алды, деп хабарлайды Kazinform. 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тан түскен мәліметке қарағанда, 2022 жылы 2,3 миллион азаматқа жеке басын куәландыратын құжат берілген болатын.

Батыс Қазақстан облысы филиалында 2023 жылы 88 546 мыңнан астам төлқұжат пен жеке куәлік (2022 жылы – 78 226) табыс етілді.

Ал Астана мен Алматы қалаларында орнатылған құжаттама терминалдары арқылы соңғы бір жылда 19 мыңға жуық адам өтініш берген.

«Терминалдар уақытты үнемдейді және бірнеше минут ішінде өтініш беруге мүмкіндік береді. Азаматтардың ыңғайлылығы – біздің жұмысымыздың басымдығы және біз мемлекеттік қызметтерді көрсетуді одан әрі жетілдіріп, әрбір қазақстандық үшін мүмкіндігінше тиімді және жедел болатындай етеміз», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Ведомство мәлім еткеніндей, 2024 жылға келесідей мемлекеттік баж алымы белгіленді: ҚР азаматының 36 парақты төлқұжаты үшін – 8 АЕК, 48 парақты төлқұжат үшін – 12 АЕК, 24 парақты төлқұжат үшін (16 жасқа дейінгі балаларға) – 4 АЕК. Жеке куәлік үшін төлем 0,2 АЕК.

Айта кетейік, өткен жылы төлқұжаттар мен жеке куәліктерді беру сұраныстағы үшінші мемлекеттік қызмет қатарынан табылды.

Соңғы жаңалықтар