Қазақстандықтар бала тәрбиесінде қандай құндылықтарға мән береді – сауалнама

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева бала тәрбиесінде ерекше көңіл бөлінетін отбасылық құндылықтарды атады.

балалар
Фото: Pexels

«Ұлттық комиссия балалар мен жастарды рухани-адамгершілік құндылықтарына тәрбиелеу мәселелері бойынша ведомствоаралық байланысты қамтамасыз етеді. Сауалнамаға сүйенсек, қазақстандық отбасындағы бала тәрбиелеудегі басты құндылықтар ол – еңбексүйгіштік (33,8%), өзін-өзі құрметтеу (31,8%), адалдық (31,7%), үлкендер (25,3%) және айналасындағыларға құрмет (16,6%)», - деді Аида Балаева Сенатта өткен Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, отбасы құндылықтарын нығайтуда ақпараттық саясаттың маңызы зор.

«Отбасылық құндылықтар туралы БАҚ және интернет-ресурстарда баспа, аудио, бейне, цифрлық материалдар тұрақты жарияланып тұрады. Министрлік әзірлеген бағдарламада қоғамның ең өзекті мәселелері оның ішінде отбасы құндылықтары, көне және жаңа дәстүрлер, тұрмыстық зорлық-зомбылық, бала тәрбиесі, отбасы және демография секілді тақырыптар қамтылған», - дейді ол.

Аида Балаева келтірген мәліметтерге сәйкес, осы күнге дейін БАҚ-та 4106 материал жарияланды. Оның ішінде 504-і республикалық, 1527-і облыстық сол сияқты интернет ресурстарда 2 075 ақпарат. Одан бөлек, әлеуметтік желілерде 3 671 жазба шықты.

Соңғы жаңалықтар