Қазақстандықтар банктердің «экологиялық қамқорлығы» үшін қанша төлейді

қаржы
Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM – Halyk bank бизнес-клиенттер үшін қағаз нұсқадағы төлем құжаттарын өңдеу тарифтерін көтерді. Осы орайда Kazinform агенттігінің тілшісі басқа да банктерге хабарласып, осы қызмет құны қанша екенін анықтады.

Атап айтқанда, екінші деңгейлі банктердің кейбірінде мұндай қызмет түрі жоқ екен. Банктердегі тарифтер келесідей:

• ЦентрКредит Банкі (BCC) – 3000 теңге;

• Jusan bank – 1500 теңге;

• Kaspi bank – осындай қызмет қарастырылмаған;

• Forte bank – 5 млн теңгеден астам аударымдар үшін 3000 теңге және 5 млн теңгеден аз аударған кезде сомадан 0,5%;

Halyk bank – 5 мың теңге, АПС-мөр/Qprint қолданған кезде 2 мың теңге.

Банктер бұл қызметтің тарифтерін әзірге өзгертуді жоспарламайтынын хабарлады. Егер тарифтер көтерілсе, олар бұл туралы міндетті түрде хабарлайтынын мәлімдеді.

Бұған дейін «Қазақстан Халық банкі» АҚ 4 шілдеден бастап бизнес клинеттері үшін жаңа тариф енгізетіні хабарланды. Сол кезде банк тарифтердің көтерілуі клиенттерді барынша экологиялық әрі қолайлы цифрлық сервиске көшуге ынталандыруға бағытталғанын түсіндірді. Бұл өзгерістер аясында қағаз нұсқадағы құжаттарды азайту ескерілген.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram referendum