Қазақстандықтар ең көп ұшатын әуе бағыттары белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM – Азаматтық авиация комитеті Қазақстан әуе компанияларының 2022 -2024 жылдардағы жолаушылар ағыны туралы мәліметті ұсынды.

Қазақстандықтар ең көп ұшатын әуе бағыттары аталды
Фото: freepik.com

Бұл аралықта Air Astana 12 миллионнан астам жолаушыны тасымалдады, оның ішінде:

2022 жыл — 4,1 млн;

2023 жыл — 4,4 млн;

2024 жылдың 9 айында — 3,5 млн.

FlyArystan 10,1 миллион адамға қызмет көрсетті, оның ішінде:

2022 жыл — 3,2 млн;

2023 жыл — 3,6 млн;

2024 жылдың қаңтар–қыркүйек аралығында — 3,2 млн.

SCAT ең үлкен өсімді көрсетті, компания 10,9 миллионнан астам жолаушы тасымалдады, оның ішінде:

2022 жыл — 2,9 млн;

2023 жыл — 4,4 млн;

2024 жылдың 9 айында — 3,5 млн.

Тасымалдау көлемі аздау болған әуе компаниялары қатарында Qazaq Air (1,6 млн жолаушы), Жетісу (10,7 мың жолаушы), Жезқазған Эйр (1,8 мың жолаушы) және Южное небо (209 мың жолаушы) ұйымдары бар.

Жалпы, қазақстандық әуе компаниялары әлемнің 26 еліне рейстер орындаған. Ең танымал бағыттар ретінде Түркия, Ресей, БАӘ, Оңтүстік Корея және Өзбекстан қалып отыр.

Халықаралық рейстердің жиілігі аптасына 450 ұшуға жетіп, жазғы маусымда ең жоғары көрсеткіштерге жеткен.

Соңғы жаңалықтар