Қазақстандықтар Халықаралық ғарыш ойындарында үздік зерттеуші атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Мәскеуде Халықаралық ғарыш ойындарының қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды ТАСС.

Халықаралық ғарыш ойындарының ұйымдастыру комитеті, Казахстанцы стали лучшими исследователями на Международных космических играх в Москве
Фото: Халықаралық ғарыш ойындарын ұйымдастыру комитеті

Зымыран-ғарыш өнеркәсібінің негізгі салаларындағы кадрларды даярлауға бағытталған Халықаралық ғарыш ойындарының (ISG) жабылу салтанаты Ресей астанасында өтті.

— Өткен аптада көргендерім мені қатты шабыттандырды. Мен қатты қобалжыдым, сіздерді қолдадым және бүгін сіздердің алдыңызда тұрғаныма қуаныштымын. <…> Әлі нақты емес Марс станциясындағы міндеттерді қалай шешкендеріңізге қарап, қазір адамзатты ғарышқа, өте алысқа апаратын жаһандық ғарыш индустриясының элитасымен жұмыс істеп жатқаныма толық сенімдімін, - деп атап өтті Жоғары экономика мектебінің проректоры және Ғылыми-техникалық ұйымдастыру комитетінің атқарушы хатшысы Дмитрий Земцов.

Дмитрий Земцов
Фото: Халықаралық ғарыш ойындарын ұйымдастыру комитеті

Ойында шамамен 250 қатысушы болды.

Мексика мен Пәкістан командаларынан келген екі қатысушы «Үздік борт инженері» номинациясында бірінші орынға ие болды және оларды Ресейдің Ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары Дмитрий Афанасьев марапаттады.

Роскосмостың кадрлар департаментінің директоры Ирина Ганиева Ресей мен Өзбекстаннан келген екі жас инженерге «Үздік басқару жүйелерінің маманы» номинациясында марапатты табыс етті.

Үндістан мен Қазақстаннан келген қатысушылар «Үздік зерттеуші» номинациясын, Қытай мен Қырғызстаннан келген студенттер «Үздік медиа маманы» номинациясын жеңіп алды. Ал ұшуды басқару орталығының үздік командаларына Мексика, Пәкістан, Үндістан және Қазақстан командаларының қатысушылары кірді.

Баспасөз мәслихатында Земцов ұйымдастырушылар халықаралық топтармен бірге келген сарапшылармен бірлесіп, келесі қабылдау орнын таңдау үшін халықаралық ұйымдастыру комитетін құруға келіскенін хабарлады. Ол алдағы жылдары Халықаралық ғарыш ойындарына қатысуға көбірек елдер шақырылатынын нақтылады. Сонымен қатар ғарыш миссиясын қай «ғаламшарда» өткізуді таңдау қазіргі ғарыш стратегиясына және сарапшылармен бірлескен шешімге негізделіп анықталады.

Халықаралық ғарыш ойындары

Ғарыштық миссия түрінде жасалған ауқымды инженерлік және білім беру жарысы - Халықаралық ғарыш ойындары 26 қазаннан 1 қарашаға дейін «Ғарышқа кадрлар» федералды жобасының аясында өтті.

Сегіз елден - Ресей, Пәкістан, Мексика, Өзбекстан, Қазақстан, Қытай, Үндістан және Қырғызстаннан келген жиырма қатысушы Марстағы жағдайларды модельдейтін «Сколково» сынақ полигонындағы жылыжайлармен жабдықталған станцияларда 48 сағат өткізді. Олар Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінде құрылған Миссияны басқару орталығымен байланыста болды. Жас инженерлер өздері құрған автономды қоныста зерттеу миссиясын бір уақытта жүргізе отырып, өздерін энергиямен, тамақпен, оттегімен қамтамасыз етті.

Халықаралық ғарыш ойындарын «Сколково» инновациялық орталығының қолдауымен Жоғары экономика мектебі ұйымдастырды.